Түркістанда қызанақ пісті


24.jpg

«Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет». Былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы өнім көлемін көбейтуді тапсырған болатын. Түркістан облысында бүгінде өнім көлемін арттырып, кәсібін  дөңгелетіп жатқан шаруашылықтар аз емес. Солардың бірі Келес ауданына қарасты  Қошқарата ауылдық округі аумағында орналасқан «Кенжебай ата» шаруа қожалығы 1 гектар жерге қызанақ еккен.  Егіннің алды пісіп, жетілуде. Жалпы,  егістік алқапта 25 мың түп қызанақ отырғызылды. Егінді күтіп баптауға 10-нан астам адам еңбектенуде. Шаруашылық жұмысшыларының айтуынша, өнімнің  толық пісіп жетілу уақыты сәуір айының орталарына сәйкес келеді. Ал, піскен өнімді аудан базарлары мен еліміздің басқа да қалаларына жөнелту жоспарлануда.

Шаруалар әр түптен 10 келіге  дейін өнім жинамақ. Жоғары сұрыпты қызанақ өнімді мол береді. Әрі төзімді. Диқандар әр гектардан кемінде 60 тонна өнім жинауды көздеуде.

Оған қоса,  шаруа қожалықтың құрамында мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Мұнда  «Ангус»,  «Ақбас»  тұқымды 100-ге жуық ірі қара мал бордақыланып жатыр. Былтыр мал шаруашылығын бастаған шаруақожалық алғашқы лекпен 54 дана асылтұқымды малдарды солтүстіктен алдырған. Бүгінде мал басын көбейтіп, ішкі нарыққа ет өндіріп, мол пайдаға кенеліп отыр.

Қожалық иесі алдағы уақытта кәсіп ауқымын кеңейтіп, өз өнімін елдегі барлық сауда орындарына шығаруды көздеп отыр.  Қазіргі таңда, мұнда 2 адам жұмыс істейді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды