Түркістан облысында жұмысшылардың шағымдануы азайған

28.jpg

Түркістан облысында үстіміздегі жалдың 8 айында Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына еңбек шарттарына байланысты 734 азаматтан арыз-шағым түскен. Нәтижесінде мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 192 тексеру жүргізіліпбарлық шағымданушыларға заң аясында уақытылы тиісті жауаптар берілдіБұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Берік Ибадуллаев мәлімдеді.
Оның сөзіншееңбек шартының бұзылуына байланысты шағымдар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,8 пайызға кеміген.

– Биыл келіп түскен арыз-шағымдарда көбіне жалақы төлеу мерзімініңеңбек шартыныңжұмыс уақыты нормасының бұзылуы және еңбек демалысын уақытылы бермеу мәселелері көтерілгенЖүргізілген тексерулердің нәтижесінде 208 заң бұзушылық анықталғанОның 186-сы жойылды не заңға сәйкестендірілдіҚалғандарының орындау мерзімі бар, – деді Б.Серікбайұлы.
Сондай-ақ, 2020 жылдың қаңтар- тамыз айларында облыс мекемелері мен кәсіпорындарында жалақыны заңмен белгіленген мерзімнен кешіктіріп төлеген 5 жағдай анықталғанБүгінгі таңда 2019 жылдан қордаланған және өтпелі жалақы қарызы бар 2 кәсіпорында 22 жұмыскер алдында 41,7 млнтеңге жалақы қарызы қалып отыр.
Алеңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы бойынша 27 жағдай тіркелгенОлардың қатарында жұмыскерлерді оқыту және нұсқама беру тәртібін бұзуарнайы киіммен қамтамасыз етпеуеңбекті қорғау жөніндегі құжаттарды жасамауміндетті медициналық тексерулерды өткізбеуеңбекті қорғау қызметін құрмау фактілері бар.
Басқарма басшысы мұндай заң бұзушылықтардың орын алуын жұмыс берушілердің және лауазымды жауапты қызметкерлерінің Еңбек заңнамасын елемеуіоны оқып-үйренуге талпынбауыжұмыс берушілердің осы мәселеге жеткілікті көңіл бөлмеуімен байланыстырадыБұғансондай-ақкейбір жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын қасақана бұзуы да кері әсерін тигізуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді