Түйе шаруашылығы жандануда

Screenshot_9.jpg

Бәйдібек ауданы Бөген ауылдық округіне қарасты, Жиенқұм елді мекенінде түйе шаруашылығы дамып келеді. Елдегі қауіпті індетке байланысты мұнда түйе мен бие сүтіне деген сұраныс жоғары. Сондықтан "Беспаев" шаруа қожалығы Ойсылқара тұқымын ұстауға кірісіпті. Аймақта төрт- түлікпен айналысушыларға мемлекеттік қолдау да артып отыр.

Түйе шаруашылығын дамытуға Бәйдібек ауданының жер жағдайы өте қолайлы. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған. Сүті дәру дейтінімізге дәлел - "Беспаев" шаруа қожалығының төрағасы Ербосынның анасы бүгінде жасы 101-ге келді. Теңгегүл апаның денсаулығы бірқалыпты. Айтпағымыз, ұлы азанда түйені сауғызғанда сүтті пісіріп, әжеге күніне үш мезгілден ішкізеді екен. Ғасыр аса өмір сүріп отырғанына түйенің сүті себеп болса керек.

Әуел баста, әртүрлі салаларда еңбек етіп, отбасын асырап жүрген кәсіпкер бертін келе шаруашылық жүргізуге бет бұрады. Қолындағы бар қаражатқа 2011 жылы 4 бас түйе алып, оны сауып күнелтеді. 2015 жылдары аудан орталығында орналасқан "Бәйдібек-несие" ЖШС-нен 5 млн. несие алып, тағы 9 бас алады. Міне, одан кейіндері де шаруашылығын дөңгелету үшін несиемен несібесін арттыра түседі. Бүгінде 31-басқа жеткен түйелердің сүтімен бүкіл ауданды қамтамасыз етіп отыр.

Жалпы, түйе малы аса бір күтімді қажет етпейтін, жайылымда бағылатын, басқа ауыл шаруашылық малдармен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Бөген ауылдық округінде бір ғана түйе шаруашылығы тіркелген екен. 904 отбасы, 5396 халық саны бар округте барлығы 174 шаруа қожалық бар. 6 мал бордақылау алаңы бойынша жұмыстар қарқынды. 

Алдағы уақытта, түйе шаруашылығын көбейту бойынша жұмыс жасайтын боламыз, - дейді Бөген ауылдық округінің әкімі Өмірзақ Қарабеков.

Бүгінде Бәйдібек ауданы бойынша 6 түйе шаруашылығы, 275 бас түйе бар. Түйе асыраймыз немесе түйе басын көбейтеміз деген шаруалардың да саны артуда. Ұлттық сусында өндіреміз деген шаруаларды мемлекет жан жақты қолдауды алдағы уақытта да жалғастыра береді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді