Сайрам ауданының ауылдары «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен жаңаруда

27.jpg

Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсы ауылындағы Құрманбек Жандарбеков атындағы Мәдениет үйі «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Тозығы жеткен мәдениет ғимараты толығымен жаңарыпжуырда пайдалануға берілетін боладыНысан табиғи газ арқылы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Сайрам ауданында аталған «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында Ақсукент және Манкент ауылдарындағы бір білім беру мекемесі, тағы бір мәдениет және бір денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар екі ауылдық округтегі он жолда орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасын табуда.
Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандайаудандағы мәдениет саласына жасалған зор қолдау.
Айта кетейіккүні кеше Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Аманкелдіұлы Сайрам ауданындағы іс-сапар барысында құрылысы аяқталған бірқатар нысандарды аралапбақылау жүргізді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді