«Жұмысқа орналастырамын» деп жұрттан ақша жиған алаяқ ұсталды

91.jpg

Түркістан облысында құқық қорғау қызметкерлері «жұмысқа орналастырып беремін» деп жұрттан ақша жиған алаяқтықты ұстады. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

Сарыағаш аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғындар арызданып, алаяқтықтың құрбаны болғандарын хабарлады. Жәбірленушілер күдікті ер адам оларды «жұмысқа орналастырып беремін» деп бірінен 250 мың, екіншісінен 400 мың, ал үшінші тұрғыннан 700 мың теңге алғанын айтып шағымданған. Алайда, бүгінге дейін уәде етілген жұмыс та, ақша да жоқ болған. Сарыағаштық сақшылар аталған жайттарды бірден СДТТБТ-ға енгізіп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, көп ұзамай күдікті ретінде аудан тұрғынын қолға түсірді. Күдікті ер азаматтың жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын екендігі белгілі болды. Ұсталған азаматқа күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бүгінде аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары «Алаяқтық» бабымен жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын толық тексеріп, күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері кез-келген азаматқа сенім білдірмей, сақ болуды, сондай-ақ жұмысқа орналастырып беремін, несие алып беремін не болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер сіз алаяқтардың құрбаны немесе осындай қылмысқа куә болсаңыз тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады