Жұрттың жәрдемақыларын заңсыз иеленген бұрынғы пошташы ұсталды

132.jpg

Түркістан облысы әкімінің заң бұзушылықтар және тұрғындардың құқықтарын қорғау туралы тапсырмасын орындауды тәртіп сақшылары жүйелі жүзеге асырып келеді. Сондай жедел іздестіру барысында Келес ауданының полицейлері тұрғындардың ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкерін ұстады.

Келес АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті екі тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, оларға мемлекет тарапынан бөлініп, есепшоттарына түскен атаулы әлеуметтік жәрдемақысының бір бөліктерін белгісіз тұлға шешіп алған. Осылайша алаяқ, екі әйелдің әрқайсысынан 300 мың теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденген. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді. 

Қылмыстық істің мән-жайын анықтау, ашу барысында Келестік тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын, бұрынғы пошта қызметкері болып шықты. 

Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінде жұмыс жасайтын кезінде тұрғындардың ақшасын өзі қол қойып, шешіп алғаны айқындалды. Сонымен қатар, күдіктінің осыған ұқсас тағы үш жайтқа қатысы бары анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Осылайша күдікті жәбірленушілердің 1,5 миллионға жуық ақшасын есепшоттарынан заңсыз алып, өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бас шарасы «қолхатта».

Өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен, өзгенің сеніп тапсырылған ақшасын иемденген күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады