Есірткі өсіріп, сақтаған күдікті қолға түсті

анаша.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен құқық қорғау органдары өңірде есірткі бизнесін болдырмау және оның алдын алу жұмыстарын заң талаптарына сай күшейтілген режимде жүргізуде. Бұл бағытта Бәйдібек ауданында тәртіп сақшылары заттарын сақтау жайтын анықтап, жергілікті тұрғынның үйінен табылған қарасора егістігін жойды.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданының тұрғынын ұстады. Оның сөмкесінен өсімдік тектес есірткі заты бар пакет табылды. Сонымен қатар, жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде, оның бақшасынан қарасораға ұқсас 4 түп есірткі затын тапты. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде алынған есірткілерді сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, олар жалпы салмағы 550 гр асатын "кептірілген марихуана" және «қарасора» түптері болып шықты.
Аталған жайт Бәйдібек аудандық ПБ-не ҚР ҚК-нің екі бабы: 296-бап "Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз қолдану" және 300-бап "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен күдіктінің үйінде есірткіні қандай мақсатпен сақтағаны және өсіргені анықталуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады