Екі күнде 400 адам құқықтық кеңес алды

каблдау.jpg

Түркістан облысында Полиция департаментінің қызметкерлері мен аудандық Полиция бқлімінің мамандары қылмыстың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттарын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізіп тұрады. Сондай халықпен тығыз байланыс орнатудың жолы – «Жолда қабылдау» акциясы. 

17-18 шілде күндері, екі күнге жалғасқан «Жолда қабылдау» акциясын Түркістан облысының полицейлер коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин кезінде әдеттегідей ғимараттардың ішінде емес, сыртта ашық аспан астында барлық сақтық шаралары қолданылып, арақашықты сақтай отырып өткізді.

Облыс тұрғындары, оның ішінде желі қолданушылары тәртіп сақшыларына өздерінің көкейдегі сауалдарын қойып, қажетті құқықтық кеңестер алды. Аталған акцияға 2 күн ішінде облыс бойынша 400-ден астам азамат арнайы келіп, өз мәселелерін жеткізген, ал полицейлер оларға нақты жауаптар беріп, тез арада шешілуіне ықпал етті. Арыз-шағымдарын қабылдап алды. Сондай-ақ Полиция департаментінің “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирлер жүргізіліп, онлайн-режимде жауап берді. Өз кезегінде желі қолданушылары акцияға қатысты пікірлерін ашық білдіріп, кері байланыс орнады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады