Бір келі марихуана машинасынан табылды

автомарих.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен тәртіп сақшылары есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, өңірдегі барлық қала, аудандарда рейдтік шараларды жүргізіп, есірткімен айналысқан, оны сатқан және тасымалдаған құқық бұзушыларға қатысты жедел алдын алу шараларын іске асыруда. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Төлеби ауданы тұрғынының басқаруындағы "Лада Приора" маркалы автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер күдікті автокөлігінің салонын тінту кезінде, өзіне тән хош иісі бар екі полиэтилен пакеттегі есірткі затын анықтады. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.
Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес, тәркіленген есірткі заты 1 
келіден астам марихуана болып шықты. Аталған жайт СДТТБТ-да ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі "Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ер адамның есірткіні аса ірі көлемде қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады