Сайрамда ұрлық жасап, Шымкентте ұсталды

ксен.jpg

Түркістан облысы әкімдігігінң қатаң қатағалауымен өңірде тәртіп сақшыларының қылмыстың ізін суытпай ашу арқылы тұрғындардың құқықтарын қорғау жұмыстары нәтижелі жүзеге асуда. Соның бірі – полицейлер Сайрам ауданында акумулятор ұрлаған күдіктіні Шымкентте ұстады.

Сайрам ауданының полициясына жергілікті тұрғындар шағымданып, көшеде тұрған жеңіл автокөлік және жүк көліктерінің аккумуляторлары ұрланғаны туралы бірқатар арыздар түсірді. Жәбірленушілердің бірінің хабарлауынша, оның "Камаз" маркалы автокөлігінен белгісіз тұлғалар екі аккумуляторын алып, 60 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Сол күні автоұры 1-2 сағат ішінде тағы бірнеше автокөліктен аккумуляторларды жымқырып кеткен. Аталған жайттар Сайрам АПБ-мен СДТТБТ-ға енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы "ұрлық" бойынша тіркелді.
Аккумулятор ұрлаушыны ұстау мақсатында полиция басқармасында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жинақталған ақпарат көздері арқылы Шымкент қаласы көшелерінің бірінен күдікті азаматты құрықтады. Ол бұрын сотталған, мегаполистің тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында күдіктінің 4 аккумулятор батареяларын ұрлауға қатыстылығы анықталды. Ұрланған мүлікті автоұры Шымкент қаласындағы металл қабылдау бекетіне өткізіп, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 250 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұрланған мүліктің бір бөлігін айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарына қырағы болып, автокөліктері мен мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ, ұрылардың назарын аудармау үшін автокөлік салонында бағалы заттар мен ақша қалдырмаңыз. Мүмкіндігінше автокөліктерге күзет дабылын орнату қажет, ал "темір тұлпарларды" күзетілетін тұрақтарға қою қажет.
Аккумуляторлар немесе басқа да құнды заттар ұрланған жағдайда тез арада «102» телефоны бойынша полицияға хабарласу керек.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады