Киім ұрлаған күдікті Сарыағашта ұсталды

кимурлау.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен өңірде карантин кезінде қылмыс түрлерін болдырмау мен тұрғындар құқықтарын қорғау жұмыстары күшейтілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары тіркелген қылмыстарды ізін суытпай ашып, елдің алғысын алуда.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, дүкенінен белгісіз тұлға ешкімге байқатпастан сатылымдағы киімдерін ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 20 мыңнан астам теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188 бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Оқиға орнына жеткен аудандық полицейлер тез арада әрекет етіп, қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті шараларды іске асырды. Куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Содан, тексеру барысында полицейлерге, күдікті жаңа киімдерді өзінің киімдерінің ішінен киіп, шығып кеткені белгілі болды. Осылайша ұрының жеке-басы анықталып, ол жергілікті мекен-жайынан ұсталды. Айғақты зат ретінде киімдер алынды.
Тергеу барысында анықталғандай күдікті бұрын сотты болған, жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Бас шарасы қолхатта. Қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға қылмыстық қолсұғушылықтан қорғанып, өз мүлкіне ұқыпты болуын ескертеді. Әсіресе, сауда орындарының қауіпсіздігі мен күзетіне ерекше мән беріп, дүкендерге мықты есік, терезелерге темір тор орнатып, ғимаратты бейнекамералар және дабыл жүйесімен қамтамасыз етуді сұрайды.
Егерде сіз ұрлық немесе тонаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады