Дәріні қолдан қымбаттатқандар жазаланады

дарихана.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің карантин кезінде құқықбұзушылықты болдырмау, заңбұзушылықтың алдын алу туралы тапсырмасына сәйкес өңірде тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қадағалауды күшейтті. Осы бағыттағы рейдтік және түсіндіру шаралары барысында Бәйдібек аудандық Полиция бөлімінің мамандары дәрі-дәрмекті шекті бағасынан қымбаттатып сатқан дәріхананы анықтады.

Іс-шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары Шаян ауылындағы дәріхана сатушысы сатып алушыға "ацетилсолин қышқылының" екі орамасын, "парацетамолдың" үш орамасын және екі медициналық бетпердені өзіндік құнын көтеріп, шекті бағадан 30 пайызға қымбат сатқан.
Сатушыдан полиция қызметкерлері 12 орама "парацетамол", "ацетилсолин қышқылы" және медициналық бетперделер тәркілеп алды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Егер сіз кезекті тәртіп бұзушылықтың, қоғамдық орында болған құқықбұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.

Еске сала кетейік, жалпы елде карантин басталғаннан бері Түркістан облысын қадағалаумен қатар түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылғани мобильдік топпар дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 51 фактісін анықтап, 5232 түрлі медициналық дәрі-дәрмектерді тәркіледі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады