114 спортшының дәрежесі өсті

Screenshot_7.png

Жаһандану кезеңінде әлемдік спорт аренасында Қазақстанның спорттық имиджін одан әрі нығайту мен ілгерілеудің, сондай-ақ халықаралық спорт қоғамдастығымен ықпалдастырудың маңызы зор. Себебі спорт еліміздің жалпыұлттық брендінің маңызды құрауышы болып табылатындықтан, бұл Қазақстан үшін де маңызды. Көк туымызды желбірететін кәсіби спортшыларды даярлайтын кәсіби жаттықтырушылар. "Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламасында кадр даярлау ісіне ерекше мән берілген. Бағдарламада "Жаттықтырушылар құрамының, спорттық медицина мамандары мен спорт төрешілерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқытудың дуальді жүйесі негізінде үздіксіз кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру туралы мәселені пысықтау қажеттігі" айтылған.

Шымкент қаласында бағдарлама шеңберінде спорт кадрларын даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жақында Қаратау ауданында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттар беру нормалары мен талаптары туралы" бұйрығына сәйкес аудандық комиссияның шешімімен спортшыларға арнайы спорттық разрядтар беріледі. Спорттық категориялар арасында жаттықтырушылар, әдіскерлер және төрешілер бар.

Ауданда  2021 жылдың шілдесіне дейін ауданның 114 спортшысына арнайы спорттық разрядтар берілді.   Атап айтсақ, 2,3 разрядты спортшы,   1,2 және 3  жасөспірімдік-разрядты спортшы деген рязрядтар берілді.

Сонымен бірге, жаттықтырушыларға біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,  екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы деген  біліктілік берілсе, әдіскерлерге  біліктілігі жоғары деңгейдегі, орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер  атты  біліктілік санаттары берілді. 

Аталмыш бұйрыққа сәйкес спортшылар  біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі деген де  спорттық санат дәрежесін алған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды