Цитадельдегі бір түн

Screenshot_24.png

Шымкентте халықаралық музей күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Цитадель түні» өтті.  Шарада үшінші мегаполис тұрғындарына сонау ғасырлар қойнауында жатқан мұралар ерекше форматта ұсынылды.

Мұнда халық цитадель тарихын 3D форматында арнайы көзілдірк арқылы көз жүгіртсе, мүсін іспеттес кейіпкерлер арқылы тарихқа тағы бір сапар шекті. Бұл «Цитадель түнін» тамашалауға келген халықтың көңілінен шыққан кейіпкер. Халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылған шарада тарихи бейнедегі бұл образдар ғасырлар қойнауынан сыр шертті.

Цитадель түніне келген әрбір халық дән риза. Себебі мұндағы әрбір кейіпкер шынайы жасалған секілді. Міне, менің қасымда тұрған Қошқар ата да бейне бір мүсін сияқты, иә? Бірақ бұл да тірі жан. Бұл көріністерді тамашалаған келушілер енді музей әлеміне беттеді. Мұнда оларды тарихи жәдігерлермен таныстыратын музей қызметкері қарсы алды. Оның сөзінше, бұл заттарды 17-18 ғасырда жергілікті тұрғындар пайдаланған екен. Бұл орында Цитадель тарихын көзілдірік арқылы 3D форматта тамашалауға да мүмкіндік бар. Әрі бұл құрылғыны 3 тілде тыңдауға болады. Ал ішіндегі көріністі сөзбен айтып жеткізу әсте қиын.

Шаһар тұрғындары мен қонақтары мереке қарсаңында жүйелі келісімге де күә болды. Шымкенттегі тарихи орын саналатын Цитадель мен туристік ақпарттық орталық дәл осы күні меморондумға қол қойды. Меморандум шеңберінде туристік мекеме басшылығы өз ақпараттық орталықтарын орналастырып, ескі қалашықтың туристік потенциялын өзге қала мен елдерге паш етуді мақсат етіп отыр.

 «Болашақта ойлаймын бұл біздің қаламыздың ғана емес бүкіл еліміздің Орталық Азияның бір көрнекті тарихи этномузейі болып қалыптасады деген сеніммен осы орталықтарды туристердің көп шоғырланған орталығыныңа айналдыруға мақсатында осы меморандумға қол қойып жатырмыз»,- дейді  Шымкент қаласы туристік ақпараттық орталығының басшысы Айдарәлі Раманов.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады