Түркістандық шәкірттер үздік шықты

2..jpg


Түркістан қаласы білім ошақтарының оқушылары «Елбасы медалімен» марапатталды. Жобаға 11 мыңнан астам қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшы тартылды. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба аясында қатысушылар спорттағы дайындығын жетілдірді, ұлттық мұраны зерттеді, әлемдік және қазақ әдебиетінің шығармаларымен танысып,  еңбек практикасынан өтті.  Сондай-ақ, елдің әр түкпіріне барып, Қазақстан тарихына үңілді және волонтерлік қызметте де белсенділік танытты. Алты ай бойы өздерінің табандылығын танытып, шығармашылығын шыңдаған, жан-жақты ізденген жеңімпаз шәкірттер нәтижесін көрсетіп, оқ бойы оза шапты. Олардың қатарында Некрасов атындағы №9, Ататүрік атындағы №17, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназияларының, Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейінің, Ж.Жабаев атындағы №11, Б.Момышұлы атындағы №22, Н.Төреқұлов атындағы №8 және Ә.Науаи атындағы №13 жалпы орта мектептерінің оқушылары бар.

Қала әкімі Рашид Аюпов Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры іске асырған «Ел үміті» жобасының жеңімпаздарын медаль, төсбелгі және алғыс хатпен марапаттады.

Айтулы жоба өткен жылдың шілде айында даму бағдарламасын көздеген 7 бағыт бойынша бастау алған еді. Олар спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, саяхат пен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Қатысушылар үш деңгейді таңдады: қола, күміс немесе алтын.  Олар 6 айдан 18 айға дейін әр бағыт бойынша белгілі бір қызметті орындауды көздеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды