Кәсіпкерлерге ««Ashyq» бағдарламасы түсіндірілді

17.jpg

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалы жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Кездесуге аудандық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Созақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдері қатысты.

Жиында Созақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы М.Ғафур, «Ashyq»  бағдарламасына енгізілетін нысандардың аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан 50 орыннан асатын қызмет көрсету нысандарына қорытынды алу қажеттілігін айтып өтті және Созақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы М.Тасқынов Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кәсіпкерлер назарына жеткізді. Жиында аудандық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар назарға алынды.

«Ashyq» мобильді қосымшасын «Атамекен» ҰКП, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша отандық IT-компания әзірлеген.

«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-код арқылы және Денсаулық сақтау министрлігінің ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін, оның вирус тасымалдаушысы емес екенін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нысандардың келушілерді қабылдауға әзірлігін және олардың санитарлық талаптарға сәйкестігін көрсетеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді