Жетісай ауданында мақта терім басталды

16.jpg

Түркістан облысында мақта терім науқаны басталды. Өткен жылға қарағанда биыл ақ алтынды жинауға шаруалар ерте кірісті. Соның бірі – Жетісай ауданы Талапты ауылының тұрғыны «Алтын» шаруа қожалығының төрағасы Ауашов Қуанышбек. Ол өзінің иелігіндегі 15 гектар аумақтың бүгінгі таңда 5 гектарын арнайы терім машинасымен жинап, одан 11 тоннадай мақта алып үлгерген.

– Биыл өткен жылға қарағанда мақта жинауды ертерек бастап отырмыз. Бұл бізге өз кезегінде өнімді жерде қалдырмай толық жинап алуға өз септігін тигізеді. Арнайы комбайнмен мақтаны жинау қол теріміне қарағанда әлдеқайда тиімді. Бұйырса алдағы екі-үш күнде бірінші терімді толық жинап бітетін боламыз, – дейді «Алтын» шаруа қожалығының төрағасы Ауашов Қуанышбек.

Айта кетерлігі, өткен жылы Жетісай ауданы бойынша 46 мың 655 гектарға мақта егіліп, одан 122 мың тонна өнім алынған. Биыл Жетісай ауданы бойынша мақта егілген жерлер 48 943, 8 мың гектарды құрайды. Одан алынатын өнім шамамен 125 мың тонна болады деп күтілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді