Түркістанға 5 миллион дана дәрі келді

027.png

Түркістан облысына 5 млн-ға жуық дана дәрілік препараттар келді. Бұл өз кезегінде халқы тығыз қоныстанған өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығының оң шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Пандемиямен күрес үшін облыс бюджетінен қаражат бөлініп, Өзбекстан елінен жеткен кезекті партия дәрілік заттардың ішінде амброксол, левофлаксацин, аминофиллин, азитромицин, цефтриаксон, парацетамол, метранидазол, дексаметазон, эуфиллин секілді пневмония және коронавирусқа қарсы препараттар бар.

Аталған қажетті дәрі-дәрмектердің жартысы өңірдегі аудан, қалалардағы ауруханаларға таратылса, жартысы әкімдіктермен меморандумға отырған 153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі.

Айта кетері, Түркістан облысы мен аудандарда дәрілердің келуін және тиісті мекемелерге дұрыс таратылуын, дәріханаларда белгіленген бағада сатылуын қадағалайтын арнайы штаб құрылған. Қазір күнделікті қоймадан дәрілердің ауруханалар мен дәріханаларға үлестіру жұмыстарын, сондай-ақ дәріханаларда сатылу бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, Денсаулық министрі бекіткен заңнама бойынша қазіргі таңда науқастар арнайы протокол бойынша ем қабылдайды. Осы тәртіп бойынша бүгінде Түркістан облысындағы ауруханаларда 20 күнге жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар. Ол қор апта сайын толықтырылады. Мәселен, өткен аптада гуманитарлық көмек ретінде өңірге 48 мың дана қорғаныс киімдері мен қолғап келді. Одан кейін Өзбекстан мемлекетінен 100 млн теңгеге 1,5 млн құтыдан астам пандемияға қажетті дәрілер жетті. Олар ең әуелі облыстағы ауруханалар мен емханаларға таратылып берілуде. Одан бөлек, Алматы қаласынан 2 тонна дәрі-дәрмек қоры келді. Барлық келген жүктер қатаң тәртіппен үлестіріледі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді