Түркістан: Туберкулез ауруын екі сағатта анықтауға болады

Screenshot_2.jpg

Түркістан облысында туберкулез ауруын екі-ақ сағатта анықтайтын молекулалық-генетикалық экспресс әдіс қолданылуда. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Туберкулез ауруын тиімді емдеу» атты республикалық семинарда айтылды. Еліміздің әр өңірінен жиналған білікті мамандар бұрын мұндай диагнозды анықтауға екі ай уақыт кететінін айтты.  Ал, осы аралықта ауру асқынатын. Бүгінгі жиында Ұлттық орталық мамандары өңірдегі туберкулезге қарсы жүргізген жұмыстармен танысып, мәселелер ортаға салынды.

Сонғы мәлімет бойынша, облыста туберкулез ауруы айтарлықтай бәсеңдеген. Дәлірек айтсақ, өңірде ауру көрсеткіші 27%-ға, ал өлім-жітім 20 %-ға азайған. Жалпы, республика бойынша өкпе-құрт ауруының көрсеткіші 10-15 пайызға кеміген. Дәрігерлер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекіткен емдеу әдістерінің өз тиімділігін көрсеткенін айтады. 

«Бүгін Түркістан қаласында үш күн бойы республикалық  семинар өткізіп жатырмыз. Әр өңірден туберкулездің неше түрін  анықтап, науқасқа жекешелендірген ем-дом тағайындайтын дәрігерлеріміз бар. Сол кеңестің жетекшілері семинарға қатысуда», – дейді Ұлттық Фтизиопульмонология орталығының директоры Мәлік Аденов.  

Айта кетейік, өңірде 500-ден аса науқас ем қабылдауда. Оның 100-ден астамы аурудан толық айыққан. Қалған емделушілердің емі әлі жалғасып жатыр. Айта кету керек, бұл дерттен айығуға ұзақ уақыт кетеді. Туберкулездің емі де дәрі-дәрмегі де түгелдей мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Жиынға қатысқан профессор Шахмұрат Исмаиловтың айтуынша, дүниежүзі бойынша жаңа туберкулезге қарсы төрт дәрі ғылыми зерттеуден өткен. Олардың көмегімен кеселден құлан-таза айығып шығуға болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік сатып алуды қатаң бақылау - сапа кепілі
  • Төлеби ауданында мем.сатып алуда заң сақталмаған
  • Түркістан: Туберкулез ауруын екі сағатта анықтауға болады
  • СҚО әкімі Петропавл қаласының атауының өзгертілуі қатысты сұраққа жауап берді
  • ҚР СІМ ресейлік шенеуніктің "батыс елдеріне қарсы санкциясы" жайлы мәлімдеме жасады