ҚР СІМ ресейлік шенеуніктің "батыс елдеріне қарсы санкциясы" жайлы мәлімдеме жасады

Ресейдің сыртқы істер вице-министрі Александр Панкин құрамында Қазақстан бар Еуразиялық экономикалық одақ батыс елдерінің санкцияларына қарсы жауап қайтарады деп мәлімдеді. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі пікір білдірді.

Screenshot_7.jpg"Қазақстан ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестер тек экономикалық сипатқа ие деген ұстанымды қолдайды. Еуразиялық интеграция органдарына тән емес функцияларды беруді қабылдауға болмайтындығын дәстүрлі түрде атап өтеміз және бірлестікті саясиландыруға қарсымыз. ЕАЭО туралы шартты реттеу мәселесінің шеңберінен шығатын, оның ішінде үшінші елдердің санкциялық әрекеттеріне жауап шараларын қолдану жөніндегі бастамаларды талқылау мәнмәтінінде Батыстың санкциялары өзінің негізінде, ең алдымен, саяси себептері бар және бүкіл ЕАЭО-ға емес, жекелеген мемлекеттерге қарсы бағытталғанын атап өтеміз", – делінген СІМ мәлімдемесінде.

2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес бірлестікті құрудың мақсаты тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету, өз халықтарының әл-ауқатын арттыру мүддесінде мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.

"Қазақстан Республикасы ЕАЭО елдерінің "шоғырландырылған шаралары" туралы басқа мемлекеттердің санкцияларына жауап ретінде ешқандай келіссөздер жүргізбейтінін атап өтеміз. Еуразиялық интеграция бойынша әріптестермен жүргізілетін жұмыста мұндай санкциялардың біздің мемлекеттеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсерін болдырмау бойынша бірлескен іс-қимылдар туралы ғана айтуға болады", – деп қосты министрлік өкілдері.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке