ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «№1 Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен 2021 жылдың наурыз айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5518338-1 «Дезинфекциялық құралдар» мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша ««Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «№1 Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, «Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «№1 Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
К.Бейсенбай,
Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманның м.у.а.