Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне бір жыл бұрын келгенін еске салып, Twitter-де жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жазбасында Президент Елбасы стратегиясы жалғасын табатынын айтты.
- "Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы - Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды. Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады", - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде.