Созақ жастары да лауазымды қызметтерге тағайындала алады

10.09.jpg

Әр салада кейбір жетістіктері бар жас қазақстандықтар резервке алынып, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды. 10 қыркүйек күні Созақ ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында жастар кадр резервін қалыптастыруға байланысты жиында аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов осылай деді. Аталған жиынды аппарат басшысының өзі жүргізіп отырды.
– Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлау алды бағдарламасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алдына Президенттің жастар кадр резервін қалыптастыру міндетін қойған болатын. Осыған орай, әр салаларда кейбір жетістіктері бар жас қазақстандықтар резервке алынып, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды, – деді аудан әкімі аппаратының басшысы.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы pkrezerv.kz сайты арқылы іріктеуге үміткерлерді тіркеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, жиын барысында қойылған сұрақтарға жауап берді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке