Судьялар эссе жазды

Screenshot_7.jpg

Латын әліпбиіне көшу заман талабы. Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа әліпбиге көшу, сауаттылықты артыу бойынша көптеген іс-шаралар атқарылуда. Осындай жиынның бірі Мақтаарал аудандық сотында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғырту жолы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

     Аудандық соттың ғимаратында өткен шараға Мақтаарал аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері, аудандық ішкі саясат бөлімінің тілдерді оқыту және дамыту орталығының мамандары қатысып, латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары мен пайдасы, жеңілдіктері кеңінен түсіндірілді. Аудандық сотының судьялары мен тілдерді оқыту және дамыту орталығы қызметкерлері баяндамалар жасап, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне шолу жасады, осы бағыттағы реформаның кейбір мәселелері жөнінде өз ойларымен бөлісті. “Қазақстан үшін бұл реформа - бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған сапалы қадам”, - дейді шараны ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру мақсатында өтен дөңгелек үстел соңында қатысушылар тілдің болашағы әліпбиге байланысты деген ортақ пікірге тоқталып, эссе жазды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды