Қарашыққа 2000 жыл

Screenshot_15.jpg

Кентау қаласына қарасты тарихы тереңде жатқан қырық қақпалы Қарашық ауылының 2000 жылдық мерейтойын ауыл тұрғындары дүрбірлетіп атап өтті.  Наурыз алаңында өткен салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзді алған қала әкімінің орынбасары, әдеп уәкілі Самат Расул, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратев, Түркістан облысы өзбек этно мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжанов сөз алып, ауыл тұрғындарына тарихы терең Қарашықтың ерекшеліктерін атап, алдағы уақыттта ауылдың әлеуеті әрмен қарай дами түсетініне сенім білдіріп мерекемен құттықтады. Дүбірлі тойда шырқалған әуен, жыр мен билер ауыл тұрғындарына арналды. Дәл бүгін тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылған күн. Жиында ауылдың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, Оғыздар біздің өлкеге Түркі, Батыс Түркі қағанаты тұсында түркі халықтарының құрамында қоныстанған (VІ – VІІІ ғғ.), ал, ІХ ғ. Сырдың орта және төменгі ағысы мен Каспий, Арал теңізі жағалауларында Оғыз мемлекетін құрды. Оғыздардың құрамында отырықшы және көшпелі тайпалар да болып, олар қатар өмір сүрді. Отырықшы тайпаларының аттары елді мекендерімен бірге бүгінгі күнге дейін жетті. Орта ғасырларда барлық халықтардың ата, ру, тайпаларға бөлініп, мүмкін болса бір жерге қоныстанып, бірге көшіп – қонып, бір жайлау мен қыстауды, не қаланы мекен етуге тырысқаны тарихи жазбалардан мәлім. Қазақтағы «У ішсең ұруыңмен» деген сөз сол замандардан қалған, тіпті, ауыл, қала, қоныс қана емес мемлекеттердің де атауы халықтардың атымен аталатыны сол дәуірден қалған жаңғырық. Олай болса Махмұт Қашқари, Рашид ад – дин, Әбілғазы хан, Шәкәрім еңбектерінде кездесетін Оғыз тайпаларының аттары сол өздері VІ – VІІІ ғғ., ІХ – ХІ ғғ. қоныс еткен мекендеріне беріліп бүгінге дейін жеткен деуге толық негіз бар. Солардың бірі деректерде айтылғандай «Қарашық, Қорачик, Қараджық» түрінде кездесетін Қарашық елді мекені пайда болған деседі. Бүгінде қойнауы тарихқа толы Қарашық ауылына 2000 жыл толып отыр. Үш елді-мекеннен тұратын Қарашық, Құмтиын, Қаратөбеде жалпы халық саны 10432 құрайды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі