Көпбалалы аналарға тағы бір шенеунік дөрекілік көрсетті

Көпбалалы аналарға тағы бір шенеунік дөрекілік көрсетті                                             

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева көпбалалы аналарды сыйламағаны және дөрекі мінез көрсеткені үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" газеті.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті бұл ақпаратты растады.

"Нұрлы Хабиеваның азаматтармен әңгімелесу барысында мемлекеттік қызметкер этикасын сақтамағандығы және оларға дөрекілік танытқандығы анықталды. Шағымданушылардың дәлелдері расталды"- дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Этика жөніндегі кеңеске алты ана шенеуніктің дөрекі мінезіне қатысты шағым түсірген. Олар Нұрлы Хабиеваның дөрекі сөздерін диктофонға жазып алған. Кеңес отырысында басшы бұл әрекетін атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімін нақтылау барысында жүйкесінің сыр бергендігімен түсіндірді.

Хабиева газет тілшісінің жазаға қатысты сұрағына да дұрыс жауап бермепті.

"Мен не айтам? Менің пікірім кімге керек? Не жазсаңыз да өзіңіз біліңіз!", - деп шенеунік телефон тұтқасын тастай салған.

Нұрлы Хабиева Атырау қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін 9 жылдан артық уақыт басқарып келеді. Бұған дейін де оның адамдармен қарым-қатынасына қатысты шағымдар болыпты. Журналистер де оның қызба мінезімен жақсы таныс екен.

Айта кетейік, өткен жылы елорда әкімі орынбасарының көпбалалы аналармен кездесуінен түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Онда Мәкен қалада ешқандай пәтердің жоқ екенін айтады, бұған ашуланған аналардың бірі бөтелке лақтырып, "өзіме қол жұмсаймын" деп айғайлайды. Осы кезде шенеунік те қызбалыққа салынып, ауыр сөздер айтып, аналармен жұмыс істеуден бас тартады. Видеоны мына жерден көруге болады.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі