ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцина патентінен бас тартуды сұрады

ДДСҰ мемлекеттерді коронавирусқа қарсы вакцина мен дәрілер бүкіл әлемде еркін қолданылу үшін олардың патентінен бас тартуға шақырды, деп хабарлайды «Российская газета» басылымы.

image.png

Сонымен қатар, бұл келіссөздердің тезірек өткені керек. Коронавирусқа қарсы вакцинаның патентін уақытша алып тастау ұсынысына қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көзқарасы осындай.

- Зияткерлік меншік проблемалары шешімін тауып жатқанда, елдердің білім алмасып, технологияны бөлісуге атсалысуы одан да маңызды. Егер тиісті технология мен ноу-хау неғұрлым көбірек білікті өндірушілерге берілетін болса, вакцинаны өндірудің қиын процесін жылдамдатуға болады. ДДСҰ мүше мемлекеттер мен қазіргі өндірушілерді ДДСҰ-мен өзінің ноу-хауымен, деректерімен және технологияларымен ДДСҰ COVID-19 технологияларға қол жеткізу пулы (C-TAP) және мРНҚ технологиялар трансферті орталығы арқылы бөлісу үшін белсенді ынтымақтастыққа шақырады, – дейді ұйымдағылар.

- ДДСҰ COVID-19-ды емдеу, анықтау және алдын алу үшін диагностикалық, терапиялық және өзге де құралдары үшін де патенттен бас тартуды табандылықпен ұсынады, – делінген ДДСҰ-ның басылым сауалына берген жауабында.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке