Риддердегі шөптен шыққан өрт 14 үйді шарпыды

Бүгін 101 қызметіне Лесхоз кентінің тұрғындарынан Риддер орман шаруашылығының орталық орманшылығында шамамен 2 га алаңда құрғақ шөптің жанғаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

image.png

Оқиға орнына ШҚО ТЖД орман шаруашылығы және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жедел келді. Өртті сөндіруге барлығы 6 бірлік техника және жеке құрамнан 100-ден астам адам жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану.

- Желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне жайылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады. Өрттің ошағында, орманда орман шаруашылығы жеке құрамының 100-ден астам адамы мен ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері және 20-дан астам техника жұмыс істеуді жалғастыруда. Қазір жанып жатқан орман алаңы 310 гектар өртті сөндіруге көмекке МИ-8 және МИ-2 авиа орман күзетінің 2 тікұшағы келді, 12 500 текше метр су төгілді, - делінген ведомство хабарламасында.

ШҚО ТЖД орманды дала аймағында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. От жақпаңыз және оларды қараусыз қалдырмаңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өрт болған жағдайда дереу 101 және 112 телефондарына хабарлаңыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды