Шымкентте инфекциялық орындардың 50 пайызы қысқарды

Шымкентте індетке шалдыққандар күн сайын азайып келеді. Соның дәлелі қаладағы провизорлық стационарлардағы төсек-орындардың 50 пайыздан астамы босады. Нақтырақ айтқанда, 4 350 төсек орыннан 2 397-і қысқарған. 

image.png

Бүгінге дейін қалада 25 инфекциялық стационар жұмыс істеді. Эпидемиялогиялық жағжайдың тұрақталуына байланысты бұл  емдеу орталықтарының 13-і жабылды. 

Медициналық мекемелер қазір қалыпты жұмыс режиміне көшуде. Яғни, науқастар жоспарлы түрде бұрынғыдай ем қабылдай алады. 

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығында 1 953 орын бар. Төсек орын толымдығы 36 пайызды құрайды. 

Айта кетейік, Шымкент қаласы ковидке қарсы вакцинациялау бойынша 86, 8 % көрсеткішпен көш бастап тұр.Соңғы тәулікте  қалада 7286 адам вакцина алды (I компонент-4933, II компонент-2353). Егу науқаны басталғалы барлығы 467  916 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 388 362 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке