Президенттік жастар кадр резерві

Screenshot_8.jpg

▪︎Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелетін болады.

▪︎Президенттің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 580 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 

▪︎Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.

▪︎Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте резервке қабылдау мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді.

Screenshot_5.jpg

Screenshot_6.jpg

▪︎Резервке алу үшін үміткерлерге бірнеше жүйелі кезеңдерден өту керек, оның ішінде:

1) күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

2) ситуациялық тапсырмаларды шешу;

4) құзыреттерді бағалау;

5) Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.

▪︎Көптеген кезеңдер онлайн режимінде өтеді.

▪︎Алдыңғы іріктеуден айырмашылығы, рекрутинг процесі талап етілетін білімді, дағдыларды анықтауға ғана емес, сонымен қатар кандидаттардың шынайы мотивтері мен олардың құндылық бағдарларын бағалауға бағытталған. 

▪︎Мақсаты - қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту.

▪︎Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі деп жоспарлануда. 

▪︎Біздің сүйікті Отанымыздың одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға дайын және қабілетті барлық азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қатысуға шақырамыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке