Жұмыс іздеп қиналсаң «Еңбекке» қатыс!

Screenshot_23.png

Шымкентте жыл басынан бері 5800-ден астам азамат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен жұмысқа орналасқан. Бағдарламаның игілігін көрген жерлестеріміздің саны жыл сайын көбеюде. Азаматтарды «Еңбекпен» еңбек етуге баулып отырған қаладағы бірден бір мекеме ол Халықты жұмыспен қамту орталығы.

«Халықты жұмыспен қамту орталығы азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде тіркейді және жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға құжаттар қабылдайды. Сонымен қоса жұмыссыз азаматтарға уақытша ақылы жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Бұған қоса атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша жұмыстар атқарады. Жалпы, біздің орталыққа 18 жастан бастап зейнетақы жасына дейінгі қаламыздың жұмыссыз азаматтары келіп, көмек сұрай алады»,- дейді  Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Бағдат Архабаев. 

Маманның айтуынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыру шеңберінде еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, алғашқы жұмыс орнына бейімдеу мақсатында Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыру жоспарлануда. Яғни, жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жоғарғы оқу орны немесе колледж түлегін 24 айға жұмысқа орналастыру туралы шарт жасасады. Қаржыландыру жергілікті бюджеттердің есебінен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады. Оған алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелгеніне қарамастан 29 жастан аспаған жастар, оның ішінде NEET санатындағы (жұмыс істемейтін және оқымайтын) жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздар қатыса алады. Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналасуға көп балалы және/немесе аз қамтылған отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер қатарынан үш жыл ішінде оқуды аяқтаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің басым құқығы бар екен.

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері Халықты жұмыспен қамту орталығына 5800-ден аса адам жүгінсе, соның 2144-і жұмысқа орналасты, жоғарғы оқу орнын бітірген 700 түлек жастар тәжірибесіне жолдама алып, 567-ден астамы жұмысқа орналасқан. 100-ге жуық жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналасса, 2778 адам қоғамдық жұмыстарға жолдама алған. 2 азаматқа шағын несие берілген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады