Cүт фермасының болашағы зор

Screenshot_50.jpg

Сәулеті жарасқан, әлеуеті артқан Шымкент қаласында ауылшаруашылық саласы да қарқынды дамып келеді. Мегаполис өз-өзін  сапалы табиғи өнімдермен қамтамасыз етіп қана қоймай республиканың өзге де өңірлеріне, шет елдерге де өнімдерін экспорттап отырған шаһар.  Қаланың агрошаруашылығының дамуына өз үлесін қосып отырған  шаруа қожалығының  бірі -  Абдуллабад тұрғын алабында орналасқан «Зертас»  сүт фермасы.  Жақында фермадағы қайнаған жұмысты қала әкімі Мұрат Әйтенов  көріп қайтқан болатын. . 

Асыл тұқымды сүт бағытындағы шаруашылық 2019 жылы ең алдымен Австриядан 128 бас сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды (Симменталь) сиырларды алып келіп, өз жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ірі қара мал басының саны 317-ге жетіп, оның ішінде сүтті бағыттағы сиырлардың саны 161 басты құрап отыр.

Жалпы аумағы 2,2 гектарды құрайтын шаруа қожалылығында заманауи «Параллель» сауу қондырғысы, сүтті жинауға арналған салқындатқыш танкер секілді инновациялық теxнологиялар және сиырларды тұрақты ұстау, асыл тұқымды бұзауларды өсіру аймақтары бар. Бұдан бөлек, мал азығын дайындауға арналған арнайы құрылғылармен, ауыл шаруашылық техникаларымен қамтылған. Мұнда әр бастан тәулігіне орташа есеппен 22 литр сүт алынып, жылына өндірілетін сүттің көлемі 1000 тоннадан асады.

Өндірілген сиыр сүтіне және сатып алған жемдік азықтың құнына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен былтыр 15,4 млн теңге субсидия бөлініп, мемлекеттік қолдау көрсетілген.  Биыл асыл тұқымды мал басын арттырып, 350 миллион теңге көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. 

- Таза сүтке сұраныс үнемі жоғары. Сүт, ет – тұрғындардың басты азығы. Қала халқын ауылшаруашылық өнімдерімен толығымен өзіміз қамтуымыз керек. Мемлекет қолдауы жылдан-жылға артып келеді. Мүмкіндікті дұрыс пайдалану арқылы, шаруақожалықты үлкен мекемеге айналдыруға болады. Бұл бағытта жұмыстарыңызды тоқтатпаңыздар, - деді шаһар басшысы. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады