Педагогика және медицина мамандарына сұраныс көп

Screenshot_24.png

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына  қазіргі таңда заңгер, есепші, экономист, педагогикалық және медициналық секілді мамандық иелері көптеп келіп жатқан кһрінеді. Және оларға да жұмыс берушілер тарапынан сұраныс көп екен.

Орталық мамандары мұндай жандарға «еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы түрлі жұмысқа орналастыруда. «Біз, алдымен, жұмыс іздеген жандарды түрлі санатқа бөліп қарастырамыз. Кейбірінің мамандығы болмайды, біреулерінде қолында диплом бар, бірақ тәжірибеден өтпеген. Ондай азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етуге тырысамыз. «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыс» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» деген бағыттар бойынша жұмыс жасаймыз»,- дейді орталық қызметкерлері. 

Орталыққа келген азаматтардың арнайы білімі болмаса немесе біліктілігін жоғалтып алған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберіледі.   Оқу үш ай жүреді – 1 ай теория, 2 ай практика. Мамандардың мәліметінше өткен жылы 1196 адам техникалық және кәсіптік оқудан өтсе, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2000 адам жолданған. Оның ішінде 1990 азамат оқуын бітіріп, куәліктерін алыпты. Нәтижесінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан кейін 1590 адам жұмыспен қамтылған. Ал биыл 2500-ден астам азаматты оқуға жолдау жоспарланыпты. 

Жалпы «Еңбек» бағдарламалардың пайдасы көп. Басқасын қойғанда,  аталған бағдарламаның арқасында қоғамдық жұмыстар бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар да  жұмыспен қамтылып отыр. Олар қоғамдық бірлестіктерге барып, белсенді жұмыс жүргізуде. Қиын жағдайға түскен азаматтар, сол сияқты жазасын өтеп келгендер де орталық көмегімізге жүгініп, өздерін бір қоғам мүшесі ретінде санауына толық жағдай жасалуда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады