Оңтүстіктен Солтүстікке көшу жалғасуда

Screenshot_25.jpg 

  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған. Яғни, халықты еліміздің оңтүстік өңірінен жұмыс күші аз солтүстік аймақтарға көшіруді көздейді. Осы мақсат аясында Шымкентке Павлодар облысының Успен және Май аудандарынан арнайы өкілдер келді. 

 «Бізге, негізінен, мұғалімдер қажет. Оның ішінде қазақ тілі, химия, физика, орыс тілі және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Сонымен қатар медбикелер, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, хирургтер және өзге де медицина мамандары қажет. Бұдан бөлек бізде механизаторлар, зоотехниктер, агрономдар жетіспейді. Осы мамандықтар бойынша біз жұмысқа қабылдап жатырмыз. 2017 жылдан бастап біздің ауданға ішкі миграция есебінен 300-ге жуық адам және сырттан тағы осынша адам көшіп келді. Оның ішінде оңтүстік өңірінен яғни Шымкент қаласынан, Түркістан облысынан көшіп келгендер көп.  2021 жылдың 1 сәуірінен бастап бір адамға көшіп келуі үшін 204 мың теңгеден төленеді. Бір үйде қанша жан болса, солардың барлығы 204 мыңнан алады. Сонымен бірге мемлекет тарапынан бір жыл бойына коммуналды қызмет ақысы төленіп отырады. Бір адамға 43 мың теңге, 2-4 жан болса – 52 мың теңге, ал 5 адамнан жоғары болса төлем құны одан да жоғарылайды. Алдын ала келісімшарт бойынша бұл ақшаны бірден алуға да болады. «Дипломмен ауылға» жобасымен келетін жас мамандардың үйді 0,1 пайыз несиемен сатып алуына мүмкіндігі бар. Және көшіп келушілер көмек ретінде қайтарымсыз ақша алады. Кәсіпкерлерге де көрсетілетін жәрдем қомақты»,- дейді Павлодар облысы, Успен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры  Салтанат Әлпейісова. 

  Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Дәурен Дүйсебаевтың айтуынша, оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәжбүрлі жүргізілмейді, ерікті түрде жүзеге асырылады. 2019 жылы солтүстік өңірлерге Шымкент қаласынан 64 отбасы көшіп барған. Бастапқы жоспар осылай болған еді. Бағдарлама аясында өткен жылы қоныс аударуға пандемия кедергі жасаған. Енді биыл бұл іс жұмыспен қамту орталығы тарапынан қайта қолға алынбақ. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады