Ордабасылық шаруаның егісі жемісін берді

Асқар Мамин егін жинау науқанының барысын бағалады - Қазақстан ...

Ордабасыда биыл шаруалар қыруар өнім алуды көздеп отыр. Егіннің отанына айналған ауданда бүгінде егістікпен айналысу аса тиімді болып отыр.

Бүгін ауданның жазық даласында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Осыған орай Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Н.Тұрашбеков «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің алқаптарын аралады. Өндірістік кооператив 1998 жылы құрылған. Қазір 3000 гектар бидай алқабында егін жинау науқаны басталды.

Аталған кооперативтің төрағасы Т.Жанысбаев әр гектардан 18-20 центнер өнім алуды жоспарлап отыр. 

Сонымен қатар, алдағы уақытта егістік көлемін 4000 гектарға жеткізуді де көздеп отырғанын жеткізді. Бүгінде кәсіпкер 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын да атап өтті. 

Атап өтсек, Ордабасы ауданында жыл басынан бері ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім көлемі 10 млрд. 496,1 млн. теңгенi құраса, оның iшiнде егін шаруашылығына тиесілісі Қаржы - 1млрд. 185,8 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жер – 208 387 гектар болса, оның 85715 гектары егістік жерлер.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады