Созақ: Дәріханаларға барлау жұмыстары жалғасын тапты

image.png

Созақта аудан аумағында орналасқан дәріханалар желісіне кезекті жоспарлы мониторинг жүргізілді. Барлау жұмыстарын "Nur Otan" партиясы Созақ аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен арнайы мониторингтік топ жүргізді. 

Арнайы топ мүшелері бірнеше дәріханаларда болып, халық сұранысындағы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында дәріханаларадан антибиотиктер, дененің ыстығын түсіретін дәрілер, вирусқа қарсы препараттардың бар-жоғы, сондай-ақ бөлшек сауда үшін белгіленген бағаның сәйкестігі тексерілді. Дәріханалардың жұмысы бірқалыпты тұрақталған. 

Қазіргі таңда дәріханаларға келушілер саны төмендеген, кезек жоқ, қажетті антибиотик іздеп жүргендер де азайды. Ал дертке дәрі болар дәрі іздегендер болса жабық нысан ішіне кірген бойда бетперде тағып, арақашықтықты сақтайды. Фармацевттердің айтуынша, көбіне түс мезгілі мен жұмыс уақыты аяқталған тұста келушілер қатары артады. 

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Айта кетейік, егер де тұрғындар қала дәріханаларынан дәрі жетіспеушілігін байқаса 109 (ikomek) сенім телефонына қоңырау шалуына болатынын жеткізді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады