Джеки Чан мен Ерлан Карин қандай жаңа жоба құрып жатыр?

image.png

Ағымдағы жылдың сәуір айында Джеки Чан мен Ерлан Карин кездесіп, «Жусан» арнайы операциясы туралы пікірлер айтылған болатын. Сонымен қатар, президенттің кеңесшісі өзінің Instagram желісінде Джеки Чанмен жуырда жаңа жоба болатынын айтты, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.

«Кеше Бейжіңде тағы да Джекимен кездесіп, әртүрлі тақырыптарды, жобаларды талқыладық, сол кезде қаңтар айындағы операциядан кейін "Жусанның" тағы бірнеше кезеңі болғанын айтып бердім. Сосын әзірленіп жатқан фильмнің жобасын көрсеттім"», - дейді Ерлан Карин өзінің Instagram желісінде.

«Жусан» арнайы операциялық фильмі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2019 жылдың басында ұйымдастырылған болатын. Осы операцияның үш кезеңінің нәтижесінде елге 357 бала оралды. Бұл фильмнің сюдетін талқылаған Джеки  мұндай шынайы өмірден алынған фильмдердің аудиториясы кең болу керек екенін айтты.

image.png

Ерлан Кариннің мәлімдеуінше, Джеки Чан айтылған арнайы операциялық фильмге қатыспайды. 

«Джеки бұл проектке қатыспайды. Біз оны басқа жобаға қатысады деп жоспарлап отырмыз. Ал ол қандай жоба екенін бір айдан соң айтамыз», - дейді президент кеңесшісі Ерлан Карин.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Джеки Чан мен Ерлан Карин қандай жаңа жоба құрып жатыр?
  • Сиви Махмуди «хайп» жасау үшін жол апатына түсті ме?
  • Аша Матай телефонына тыным таптырмай, ақша ұсынып жүрген «дөкейлер» туралы айтты
  • Жұлдыздар балаңыздың тұсауын қаншаға кесіп береді?
  • Белгілі журналист есірткіге әуес жұлдыздар туралы айтты