Сиви Махмуди «хайп» жасау үшін жол апатына түсті ме?

image.png

Белгілі әнші әрі продюсер Сиви Махмуди қыркүйек айының 2-ші жұлдызында Алматы қаласында қыз ұзатып келе жатып, жол апатына түскен болатын. Бірнеше рет хайп жасап үйреніп қалған әнші бұл жолы да көлік апатын әдейі ұйымдастырып, қара пияр жасады ма? Бұл сұрақтың жауабын Сиви Oybay SHOW  бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды oinet.kz.

Қазіргі таңда жұлдыздар өнері халыққа өтпей жатса болды, «хайп» жасап арзан атақ иелене салады. Көпшілік екі апта бұрын жол көлік апатына ұшыраған Сиви Махмудиды да қара пияр жасады деп ойлап жүр.

«Оған да біздің түрткіміз бар шығар, солай ойлауға. Әншілер, өнер жолында жүргендер хайпқа құмарлаумыз. Өнер жолында жүргеннен кейін атымыз өшпеу керек. Жан-жақты әрекет жасау керек», - дейді әнші Сиви Махмуди.

Сұхбат барысында, талай арзан атаққа ұмтылғанын мойындаған Сиви бұл жолы шындығын айтты.

image.png

Сурет oubayshow бағдарламасынан алынды

«Мен енді талай... талай емес енді 1-2 рет хайп жасаған адамдардың бірімін ғой. Оны бәрі біледі. Сол үшін оған да түрткі бар. Бірақ енді Құдай сақтасын, авариядан «хайп» жасамаймыз ғой. Себебі, ол біздің өмір, бала шағамыз бар, бұрыңғыдай кішкентай бала емеспіз. Жасымыз отыздан асып келе жатыр. Ойнайтын нәрсе емес. Сол үшін ондайдан Құдай сақтасын», - дейді Сиви.

Әншінің айтуынша, мұндай көлік апатынан тірі қалу екі талай. Оны сақтап қалған алдымен Алла, содан соң өзінің және әкесінің жомарттығы, қолы ашықтығы.

«Мен жүрген жерімде аянбаймын. Қолымда ақша болмай қалса, қолымдағы бар дүниені шешіп беруге дайын тұратын адамдардың бірімін.Солар бір қағып қалды деп ойлаймын. Аллаға мың да бір шүкір», - дейді әнші.

Өзінің халыққа керек екенін түсіндірген жол көлік апатын еске алып, Сиви көзіне жас алды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды
  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы