Жанар Хамитова дүниеден озды

image.png

Сурет «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан алынды

14 жыл бұрын "Superstar.kz" байқауында жарқ етіп елдің көзіне түскен, кейін "Арнау" тобының мүшесі боп Нұржан Керменбаевпен ән салған Жанар Хамитова Абу Кай есімді жігітпен қайта халық алдына шыққан еді. Кейіннен Сиви Махмудидің продюсерлігімен халыққа таныла бастаған. Ал бүгін ол өзінің ата-анасының үйінде Қарқаралыда жан тапсырды. Бұл туралы Абу Кай өзінің Instagram желісінде жариялады.

«Сене алар емеспін. Ардақты Ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді ЖАНАРДАН айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз ЖАНАР ХАМИТОВА! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...», - дейді Абу Кай өзінің парақшасында.

image.png

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жанар Хамитова дүниеден озды
  • Джеки Чан мен Ерлан Карин қандай жаңа жоба құрып жатыр?
  • Сиви Махмуди «хайп» жасау үшін жол апатына түсті ме?
  • Аша Матай телефонына тыным таптырмай, ақша ұсынып жүрген «дөкейлер» туралы айтты
  • Жұлдыздар балаңыздың тұсауын қаншаға кесіп береді?