Қазақстандық ұстаздар білім саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салды

11111111.jpeg

Оған аймақтардағы білім басқармаларының мамандары, мектеп директорлары, мектеп психологтары, мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлер, әрі мектеп психологтарын дайындайтын университет өкілдері қатысты.
Конференция барысында ұстаздар білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, әрі конференцияны ұйымдастырушы «САНА» ғылыми-тәжірибелік психология орталығы жасаған «SANA skills» бағдарламасымен танысты.

"Кейде баланы не мазалайтынын және оған қалай көмектесетінімізді білмей жатамыз. Кейбір жағдайда мектептегі психологтар да балаларға лайықты қолдау көрсетіп, тиісті көмек бере алмауы мүмкін. Сонымен қатар балалар мектепті бітірген соң, мамандық таңдаған кезде қиналады. Осы жағдайлар бізді мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған арнайы бағдарламаны жасауға итермеледі, - дейді аталған психология орталығының директоры Алтынай Әбдірахманова.

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова бұл мәселені шешу үшін, психологтар, педагогтар және ата-аналар өзара байланыса әрекет етуі қажет екенін айтты.

"Қазақстандағы білім саласы халықаралық стандарттарға сай болуы қажет. Бізге осы бағытта жұмыс істеу міндеті тұр. Балаларымыздың мектепте алған білімі мен дағдылары еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес болуы шарт. Сондықтан бүгін әлемнің әр қиырынан келген сарапшылар балалар мен жасөспірімдерді ересек өмірге дайындаудағы және тәрбиелеудегі озық тәжірибелерімен бөлісті, - деп түйіндеді сөзін ол.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандық ұстаздар білім саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салды
  • Жастарға жауапты міндеттер жүктеп отырмыз – ғалым
  • Түркістанда әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда
  • Шымкенттік жеткіншек өртеніп жатқан үйден көршісінің екі баласын алып шықты
  • Шымкентте ерлі-зайыпты бизнесмендердің өліміне қатысты күдікті ұсталды