Бағдарламаның арқасында жұмыс тапты

Screenshot_15.png

Шымкент қаласының тұрғыны Нұрай Зиябек былтыр Халықтар достығы университетін «Радиотехника электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Биыл ақпан айынан бастап «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясының филиалына қоғамдық жұмысқа жолданды. Жас маманның екі қолға бір күрек табуына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты себеп болып отыр. 

– Жоғары оқу орнын бітірген соң, бірден жұмыс табыла қоймады. Бірақ жас маман ретінде «Жастар практикасы» бағдарламасы бар екенін біліп, алдымен жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, сол бағдарлама арқылы «Қазақтелеком» АҚ филиалына жолдама алдым. Бұл менің алғашқы жұмыс тәжірибем еді. Бағдарламға қатысқан соң, осы жылы қоғамдық жұмыспен дәл сол мекемеде жұмысымды жалғастырып, тәжірибе жинақтап келемін», – дейді 22 жасар бағдарлама қатысушысы.

Ақылы қоғамдық жұмыстар азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Аталған жұмыс алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және қатысу мерзімі 12 айдан аспайды (жыл соңына дейін). Жалақысы – 25 айлық есептік көрсеткіш (72 мың теңге көлемінде).  Айта кетейік, жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа 2 474 адамның 2778-і жолданып, жоспар артығымен орындалған. 

Үшінші мегаполисте осылайша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту белсенді жүргізілуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады