Әскерилер тіл үйренуде

Screenshot_18.png 

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында  этнос өкілдері арасында қазақ тілін оқып-үйрену мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген.  Осыған орай Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосу мақсатында қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығымен бірлесе өз жұмыстарын бастады.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып мемлекеттік тілді жетілдірудің жаңа әдістері кеңінен қолданылуда. Тілді оқытудың жаңа әдістері арқылы білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге зор үлес қосары сөзсіз.

Осы орайда көркем әдебиетке, оның ішінде тіл игерудегі мәселелерді шешу және өздерінің сауат деңгейін арттыру үшін Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы аптасына 2 реттен сабақ өтіп, белсенділік танытуда. Мемлекеттік тіл – тек қазақтың тілі емес, елімізде тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тілі болғандықтан, Департаменттегі басқа ұлт өкілдері де оқыту-әдістемелік сабақтарға қатысуда.

«Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан осындай шаралар көп ұзамай өз нәтижесін береріне сенімдімін. Оған баршамыз атсалысуымыз керек. Елінің болашағын ойлаған әр азамат, ана тілінің болашағы үшін аянбауы керек. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Осындай мәселелердің алдын алу үшін қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығымен бірлесе жұмыс атқарудамыз»,- деді подполковник Ринат Мадьяров.



 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сыбайластықтың салдарынан бұрын, алдын алу жұмыстарын күшейту маңызды
  • Әскерилер тіл үйренуде
  • «Дамудың» дамытқан жобасы көп
  • Педагогика және медицина мамандарына сұраныс көп
  • Жұмыс іздеп қиналсаң «Еңбекке» қатыс!