Түлектер енді 2 жыл жұмыспен қамтылмақ

Screenshot_25.jpg

Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылды. Бұл жоба жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылып отыр. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісім-шарт жасап, оқу орнын енді тәмамдаған жастар 24 ай жұмыспен қамтылады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жастар екі жылдық тәжірибе мен біліктілігін арттырады әрі табыс табады.

Жобаға 29 жасқа дейінгі және жұмыссыз жүрген азаматтар, жұмыс өтілімі жоқ жастар қатыса алады. Еңбекақысы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемін құрап отыр. Үміткерлер жұмыспен қамту орталығының тіркелген мекенжай бойынша аудан бөлімшесіне жеке куәлігі мен білімі туралы құжаттық көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады.

Алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі дейді салаға жауаптылар.

Айта кетсек, бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ-бағыты аясында жүзеге асырылып отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады