Сайрам: Кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Карантин талаптары едәуір жеңілдеді. Дегенмен бұл салғырттық танытуға болады деген сөз емес. Тек темірдей тәртіп пен ұстанылуы тиіс қашықтық, мемлекет тарапынан бекітілген талаптар толықтай орындалып қана аты жаман індеттің алдын алуға болатынын ұмытпаған жөн. Осы тұрғыда Сайрам ауданында түсіндірме жұмыстары, карантиндік рейд шаралары әлі де жалғасын тауып жүр.э

Ауданға қарасты Ақсукент ауылдық округіндегі кәсіпкерлік нысандарда Түркістан облысының бас санитар дәрігерінің 18.09.2020 жылғы 37 қаулысы түсіндірілді. 

Қаулыға сәйкес бірқатар нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды. Дегенмен қоғамдық орындарда бетперде тағу, арақашықтық сақтау талаптары қатаң талап етіледі.

Сондай-ақ аудан, ауыл тұрғындары арасында үнемі түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізіліп жүр. Мұның бәрі де ең алдымен тұрғындар қауіпсіздігі үшін атқарылып жүрген шаралар болғандықтан, аудан әкімшілігі тұрғындар тарапынан түсіністік танытып, карантин шараларына қайшы келмеулерін сұрайды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады