Сайрам: Тазалық жұмыстары жүргізілді

«Тазалық - табалдырықтан басталады» деген ұғымды әкеміз бен анамыз қаршадайымыздан-ақ санамызға сіңірген халықпыз. Күнделікті есіктің алдынан бастап қора-қопсыны тазалау, қоқыстарды тиісті орынға шығару, реттеу жұмыстары әдетімізге айналғаны белгілі.

Бүгін Ақсукент ауылындағы Сұраншы батыр көшесінде көпқабатты №8, №30, №71, №73 үй тұрғындарына тазалық сақтау, қоқысты арнайы жәшіктерге тастау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен Ақсукент ауылдық округінің әкім аппаратының көшпелі жиынына қоқыс тасымалдаушы мекеме өкілдері де қатысты.

Мердігерлерге қоқысты алып кету кестесіне өзгерту енгізіп жиі алынуы тапсырылды. Тұрғындардың кәріз жүйесі бойынша бір қатар кемшіліктерге шағымдар мен ұсынысын тыңдаған аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Мади Нурлыбаев "Сайрам тазалық" мекемесімен бірге қолға алатынын айтты.

Енді Ақсукент әкім аппараты қоқыс тастайтын жәшіктердің санын көбейту бағытында жұмысты жандандырмақ.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады