Жамбыл облысында қаза болған шенеуніктің көлігінен полицияға шақырту табылды

Қаратау қаласында жеке көлігі маңынан өлі табылған Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің қызметкері қайтыс болар алдында полицияға барған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлайды.

image.png

Телеарна мәліметінше, жолға қойып кеткен шенеуніктің көлігінде жол жөндеу жұмыстары бойынша қылмыстық іске қатысты куә ретінде полицияға шақырту қағазы табылған.

Талас облысының әкімдігі оқиғаға қатысты ақпарат беруден бас тартты.

Бұған дейін қайтыс болған шенеунік Талас ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы екені анықталған болатын.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/IuXMxiPOMB0" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen=""></iframe>

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды