Сапарбаев зиялылардың Қонаевқа ескерткіш қою ұсынысын қолдады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласында Қазақ КСР компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне ескерткіш қою ұсынысын қолдады, деп хабарлайды  "Знамя труда" басылымы.

Қонаев.png

2022 жылы Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы аталып өтеді. Қазір Таразда Қонаевтың мүсіні орнатылған. 

Жамбылда зиялы қауым өкілдері: Қазақстанның еңбек ері Мұқаш Ескендіров, журналистика ардагері Баттал Жаңабаев, Мемлекеттік премия лауреаты, ақын Күләш Ахметова, академик Өскенбай Мәдиев, облыстағы қоғамдық кеңес төрағасы, Мәжілістің экс-депутаты Амзебек Жолшыбеков аймақ басшысына мүсінді толық ескерткішке ауыстыру туралы ұсыныс айтты.

- Сапарбаев ұсынысты қолдады және жауапты органдарға тапсырма берді, - деп жазады газет.

Басылым Қонаевтың есімі "әрбір қазақтың жүрегінде ерекше орын алатынын" атап өтті. 

- Дінмұхамед Қонаевтың мұрасы - республиканың ұлттық игілігі, оның есімі Қазақстан тарихындағы алтын қорға кірді. Қазақ халқы тірі болғанда мұндай қайраткер адамның да есімі мәңгі сақталады, - делінген мақалада.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сапарбаев зиялылардың Қонаевқа ескерткіш қою ұсынысын қолдады
  • «Сайлау дағдарыс жағдайында өтті» - Назарбаев
  • «Үкімет отставкаға кетуі тиіс» - Тоқаев
  • Назарбаев немересі Айсұлтанды еске алды
  • Елбасы туралы фильмнің жалғасы шығады