Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды  Ақорданың ресми сайты. 

Тоқаев.png

- Қымбатты отандастар! 

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі. Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда. Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз. Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!, - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды