Тоқаев Экология министріне маңызды тапсырма берді

Мемлекет басшысына Эко­логия, геология және табиғи ре­сурстар министрлігінің өткен жыл­ғы жұмысының негізгі нәти­желері, сондай-ақ алдағы уақыт­тағы жоспарлары туралы баян­дады.

Тоқаев пен Мағзұм Мырзағалиев.jpg

Мағзұм Мырзағалиев Мем­лекет басшысына биылғы өсімдік өсетін кезеңді сумен қамтамасыз ету мәселелері жайында айтты. Министрдің айтуынша, биыл қар­дың аз түсуіне байланысты елімізде су тапшылығы болуы мүмкін. Бұл ретте Президент су арналарын цифрландыру жөніндегі жұмыс­тың маңызын атап өтті. Алдағы 5 жыл ішінде бүкіл республика бойынша 119 арнаны цифрлан­дыру қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ба­лық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны жа­йын­да айтылды. Мағзұм Мырзағалиев­тің пікірінше, 10 жыл ішінде балық өндірісін 9 мыңнан 270 мың тон­наға дейін арттыруға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар Президентке геологиялық барлау, экологиялық туризм және ұлттық парктердің жай-күйі туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министріне бірқатар нақты тапсырма берді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды