Сайрамдағы дәріханаларда мониторинг жұмыстары күнделікті жүргізілуде

Screenshot_4.jpg

Коронавирусқа қарсы шаралар Сайрам ауданында белсенді түрде жүргізілуде. Аудандағы 11 ауыл округінде дезинфекциялау жұмыстарына 47 техника, 284 маман тартылған. Бүгінгі таңға дейін 5741 нысан, 1451 көше, жалпы көлемі 10,5 млн шаршы метрден астам аумақ кестеге сай дезинфекцияланды.  

Айта кетейік, кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау жұмыстары кәсіпкерлердің жауапкершілігінде.  Сонымен қатар, Сайрамдағы дәріханалардың қызметі тұрақты бақылауда.  

Screenshot_3.jpg

Аудандық штаб жанынан құрылған  мобильді топ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығына сәйкес, дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру мақсатында мониторинг жұмыстары күнделікті жүргізілуде.  

Screenshot_5.jpg

Және Біріккен Араб Әмірлігі, Катар және Қытай елінен  гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық қорғаныс құралдары Ақсукенттегі орталық және Қарабұлақ ауруханаларына жеткізілді. Алдағы уақытта бұл медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектер ақ халытты абзал жандар мен ауырған азаматтарға таратылатын (қызмет ететін) болады.  Ал бұл заттардың тиімді пайдалануы "Сайрам Адалдық Алаңы" тарапынан БАҚЫЛАУЫНДА.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды